Жамбыл облысында қамыс өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қамыс өртеніп жатыр

05.06.2024

Жамбыл облысының Меркі және Рысқұлов аудандарында қамыс өртеніп жатыр. Оны сөндіруге 150-ге жуық құтқарушы мен 25 техника жұмылдырылды. От орман алқабын да шарпыған. Қазір өңірде секундына 12 метр жылдамдықпен жел соғып тұр. Күн 30 градус ыстық. Сондықтан өңірде өрт қаупі жоғары. Қазір аймақта өртке қарсы шаралар күшейтілді.


Хабарламаларға жазылу