Германия Футболдан Еуропа чемпионаты кезінде қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германия Футболдан Еуропа чемпионаты кезінде қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстайды

05.06.2024

Елде бұзақылар, зорлық-зомбылық пен кибершабуылдан болуы мүмкін қауіптің алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр. Елдің ішкі істер министрі Нэнси Фезердің айтуынша, нақты қауіп-қатер төніп тұрған жоқ.

Дегенмен, Германия футболдан үлкен турнир қауіпсіз өтуі үшін бәрін жасауға дайын, деп мәлімдеді. Футболдан Еуропа чемпионаты маусымның 14-де басталады. Матчтарды стадиондарда 2 млн 700 мыңдай адам тамашалайды. Ал 12 мыңдай жанкүйер турнирді ашық ауадағы фан-зоналардан қарайды.


Хабарламаларға жазылу