Торғай даласына жабайы жылқылар жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғай даласына жабайы жылқылар жеткізілді

05.06.2024

Киік өріп, құлан жортқан Торғай даласы – енді Пржевальский жылқысының да мекеніне айналуы тиіс. Жабайы жылқының алғашқы үшеуі Чехиядан әскери ұшақпен Қостанай облысының Арқалық қаласына жеткізілді. Енді Амангелді ауданындағы Әліби қонысына көлікпен апарылады. Бұл жерде тағы жануарларға арнайы қоршау дайындалған. Жаңа мекенді жерсінгенше олар осы қоршау ішінде тұрады. Биыл Чехиядан тағы төрт жылқыны әкелу жоспарланып отыр. Жоба бойынша ол жақтан Торғай даласына барлығы 40 жылқы жеткізілуі тиіс.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Өңірдің дамуына ықпал етеді деп сенеміз. Кертағы келгесін, оны біз көбейткесін, экологиялық туризам дами бастайды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу