Аты бар да, заты жоқ ауыл: Шығыстағы Қайыңды ауылы әкімшілік аумақтың тізімінде жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аты бар да, заты жоқ ауыл: Шығыстағы Қайыңды ауылы әкімшілік аумақтың тізімінде жоқ

05.06.2024

Шығыстағы Самар ауданындағы Қайыңды ауылы әлі күнге дейін ешбір әкімшілік аумақтың тізімінде жоқ. Себебі шағын елді мекен мемлекеттік орман қорының аумағында тұр. Соның салдарынан тұрғындар тұрақты тізімге де тұра алмай келеді. Жапандағы жалғыз ауылдың қазіргі жағдайын тілшіміз Олжас Керейхан жеткізеді.

Тұрғындар ауылды мемлекеттік орман қоры аумағынан шығару туралы аудан мен облыс тіпті салалық министрлікке дейін хат жазып келеді. Алайда әзірше еш нәтиже жоқ.

Жаңыл Қиябаева, Қайыңды ауылының тұрғыны:
Жаңағы бірінші бізде мемлекеттік орман қорынан жер шығару. Ол 29 гектар. Ауылдық мәртебеге кірмегендіктен бізде проблема көп. Бірніш жаңағы орман қоыран жерді шығару. 2016 жылдан бері қанша жыл болды. Сегіз жыл болды. Біз міне почтамен де жаздық. Өзедіріңіз көресіздер. Бәріне сілтеме хаттар.
Мемлекеттік мекемелер бір-біріне сілтеп жүргенде ауыл мүлде тозып кеткен. Өйткені қазір ауылдың аты бар да заты жоқ.

Гүлнар Рахымбетова, Қайыңды ауылының тұрғыны:
Осы ауылда біз тұрақты тізімде жоқпыз. Бұл ауыл ешқайда белгіленбеген. Былай қарағанда. Біз салық төлейміз ғой. Немерем туса мен өз үйіме тізімге тұрғыза алмаймын. Жедел жәрдем жоқ. Емхана бар. Шұбарқайыңнан медбике келеді. Шақырып алсақ та. Жұмысына. Таңертең. Оның өзінде жаяу. Аяқ астынан бірдеме болса ешкімді шақыра алмаймыз.
Ауылдағы азғана оқушы да көрші Шұбарқайың ауылына қатынап оқиды. Бірақ күз бен көктемде жол батпақ. Қыста қар басқанда мүлде қатынассыз қалады. Электр желілері мен бағаналар да теңселіп әрең тұр.

Юрий Гримов, Қайыңды ауылының тұрғыны:
Ауылдың шетінде тұрған трансформатр деген аты ғана. Алақандай ауылға энергия жетпейді. Үф еткен жел соқса жарықсыз қаламыз. Бізді аудан әкімдері ауысады. Бірақ мәселе шешілмейді.
Самар ауданы әкімдігіндегі лауазым илері Қайыңдыны орман қоры аумағынан шығарып, жеке ауыл мәртебсін беру мәселесінде әзірге хат жазудан ары аспай отыр.

Жасұлан Майкенов, Самар ауданы әкімінің орынбасары:
Хаттар жолданды деп айтып жатыр. Хаттар жолданды басқарма басшысына облыстағы. Ары қарай комитетке де жіберілген деп айтылып жатыр. Сондықтан бұл мәселе жалғасын тауып жатыр. Шешімін табады.
Жапандағы жалғыз ауылда қазір жүзіге жуық адам тұрады. Әкімшілік аумағы белгіленіп инфроқұрылым реттелсе халықтың ешқайда көшкісі жоқ. Өйткені бұл өлкенің тұмасы табиғатынан көз тұнады.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу