Діни сауаттылыққа қатысты қолданыстағы заңнама қаншалықты орындалып жатыр? Тұрғындар өз құқығын қалай қорғап жүр? Осы мәселерді талқылау үшін «Дін саласындағы құқықтық сауаттылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсат - діни сенім бостандығын қамтамасыз ету үшін халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Жиында сарапшылар ақпараттандырудың маңыздылығына тоқталды.
Марат Бектазинов, ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі:
Дөңгелек үстел еліміздегі наным-сенім қатысты, діни құндылықтарға қатысты қолданыстағы заңнамалардың жалпы, діни қауымдастықпен дін саласындағы қарым-қатынастарды реттеуші органдардың арасындағы өзара қарым-қатынастың бір бөлігі болып табылады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада діни сауаттылық жайы талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194787/)