Семейдегі мұрағат қоры 116 құнды фотосуретпен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі мұрағат қоры 116 құнды фотосуретпен толықты

06.06.2024

Белгілі фотограф Питер Жутлиннің 120-ға жуық фотосы Орталық мемлекеттік архивке өткізілді. Суреттер «Невада-Семей» қозғалысының жұмысына бағытталған. Олардың дені Алматы, Семей, Мәскеу қалаларында түсірілген. Тарихи кадрларды америкалық тарихшы Сара Камерон Алматыға арнайы алып барған. Фотосуреттерді Мемлекеттік архив өкілдері мұқият тексеріп, қабылдап алды. Алдағы уақытта цифрлық форматқа көшіріп, жан-жақты зерттемекші.

Сәуле Сатаева, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві басшысының орынбасары:

Біздің архивімізде Семей полигоны тарихына қатысты кино-фото құжаттардың бірегей жинағы сақталған. Ал бүгінгі қабылдап алынған фотолар қорымызды толықтырады, әрі байытады. Бұл мұра полигон тарихын зерттеушілерге толық және обьективті зерттеуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, біз қорды әлі де ерекше құжаттармен толықтыра береміз. Себебі, полигонның әлемге әкелген зардабын ешкім ұмытпайды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу