Павлодар облысында жол апатынан екі жасөспірім қайтыс болды. Екеуі де 9-шы сынып оқушысы. Олар скутерге мініп, Ақсудан Ертіс өзені үстімен Павлодарға апаратын көпірге шыққан. Сол сәтте, жолда тоқтап тұрған КАМАЗ-ға соғылған. Жүк көлігі жол жөндейтін компанияға тиесілі. Қатты соққыдан скутердің артында отырған бала, оқиға орнында қайтыс болды. Ал, көлік тізгініндегі жасөспірім ауруханаға жеткізілген соң, көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында скутер камазға соғылып, екі жасөспірім қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/194833/)