Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жаңбырлы дауыл ғимараттарды зақымдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жаңбырлы дауыл ғимараттарды зақымдады

06.06.2024

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында, жаңбырлы дауыл соғып, бірнеше ғимаратқа зақым келтірді.

Ұйтқып соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Дауылдың екпіні жол жиегіндегі аялдаманы бірнеше метрге ұшырып жіберген. Сонымен қатар, жергілікті колледждің оқу корпусы мен жатақханасының шатырын жұлып кеткен. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу