Колумбияда су тасқынынан 4000 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда су тасқынынан 4000 адам зардап шекті

06.06.2024

Колумбияның КасанАре департаментінде алапат тасқыннан екі адам қаза тауып, 4 мыңдайы зардап шекті. Егістік алқаптарын су шайып, банан және папайа плантациялары жойылған. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, су апатына төпелеп жауған жаңбыр себеп. Синоптиктер, алдағы күндері жауын әрі қарай жалғасып, дауыл соғатынын ескертті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу