Биыл елімізде 10 мыңнан аса жатақхана пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 10 мыңнан аса жатақхана пайдалануға беріледі

07.06.2024

Биыл 10 мыңнан аса жатақхана орны пайдалануға беріледі. Үкімет колледж және жоғары оқу орындары студенттерін жатақханамен қамту мәселесін пысықтады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл бас-аяғы 27 жатақхана салынады.

Оның 19-ы жоғары оқу орындарына, 8 нысан колледж студенттеріне арналған. Басым бөлігі жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Министрлік бұған дейін жатақхана мәселесі 2025 жылы толығымен шешілетінін мәлімдеген болатын.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу