Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ролан Гаррос: Әмір Омарханов жартылай финалға өтті

07.06.2024

Үлкен теннистен үлкен жетістік. Жерлесіміз Әмір Омарханов, жұптық сында жасөспірімдер арасында РолАн ГаррОс турнирінің жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші, ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге, ширек финалда осы жарыстың 3-ракеткалары, франциялық Томас Форел - румыниялық Лука Предамен сынға түсіп, жеңіске жетті. Енді олардың келесі қарссыларстары, алдағы жұптық сындарда анықталады.


Хабарламаларға жазылу