Ауылға жұмыс істеуге кеткен мамандарға берілетін жәрдемақы көлемі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылға жұмыс істеуге кеткен мамандарға берілетін жәрдемақы көлемі белгілі болды

07.06.2024

Ауылды елді-мекендерге жұмыс істеуге кеткен мамандарға берілетін жәрдемақы көлемі белгілі болды. Әлеуметтік төлем мөлшерін Ұлттық экономика министрлігі ұсынып отыр.

Оған сәйкес, ауылда қызмет етуге дайын маман 369 мың теңге көлемінде төлем алады. Баспана салу немесе сатып алу үшін 7 млн теңгеден 9 млн теңгеге дейін бюджеттік кредит беріледі. Ол үшін маманның 90 күннен артық кешіктірілген несие қарызы болмауы керек. Әрі ауылды жерге қажет мамандық иесі болуы шарт. Сондай-ақ, өзі баратын елді-мекенде баспанасының болмауы тиіс. Үстемақы алу үшін жеке шоты туралы анықтама ұсынуға міндетті. Құжат 21 маусымға дейін қоғам талқысында болады. 

Хабарламаларға жазылу