Қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты

07.06.2024

Израильдің шабуылынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 36 мыңнан асты. 80 мыңнан астам адам жараланған. Мұны Газа секторында Хамасқа бағынатын Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Марқұмдардың саны, бұдан да көп болуы мүмкін.

Құлаған ғимарат үйінділері астында қалғандардың денелері әлі толықтай шығарылған жоқ. Атыс-жарылыстардан жедел жәрдем көліктері мен азаматтық қорғаныс күштері кейбір аудандарға жете алмай жатыр.


Хабарламаларға жазылу