СҚО-да көктемгі егіс жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көктемгі егіс жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілуде

07.06.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі егіс науқанымен танысты. Диқандармен және малшылармен кездесіп, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытта болды. Үкімет басшысы 7,5 мың гектарға егін сепкен «Дайындық Агро» серіктестігінің алқаптарын аралап көрді. Жалпы диқандар көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы өткізу мақсатында барлық қажетті ресурстармен қамтылған. Мәселен, литрі 250 теңгеден 376 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл нарықтағы бағадан 15%-ға төмен.

Бұдан кейін Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында неміс технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын CLAAS зауытында болды. Кәсіпорын сұранысқа ие көптеген ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады. Биыл нарықты 523 жаңа техникамен, атап айтсақ: 103 трактор, 180 комбайн, 165 дестелегішпен және 75 егіс кешенімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ғабит Ұзақбай

Хабарламаларға жазылу