16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

07.06.2024

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 16-шы маусым жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан, қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мерекелер кестесін жариялаған кезде Құрбан айттың бірінші күні 17-ші маусым дүйсенбіге түсетінін хабарлаған. Дегенмен, айдың көрінуіне байланысты, қасиетті мейрам бір күн ерте басталатын болып тұр.

Елбек Тасболатұлы, ҚМДБ шариғат және пәта бөлімінің маманы:

Жаңа ай туу тенденциясы, барысы қаралды әлем бойынша және ол расталды. Құрбан айт болатын айдың туғандығы расталды да, демек Зулхиджа айының 10-ы, сәйкесінше 16 маусым Құрбан айт болып бекітілді.

Айта кетері, үш күнге созылатын Құрбан айтта жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Астанада мал союға болатын 5 орын бекітілді. Яғни, 16-18 маусым күндері, Шанхай, Баракат, Жайлау, Шолпан-ата базары мен Темір жол маңындағы қасапқана орындары жұмыс істейді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу