Биыл бакалаврға 78 мыңнан астам грант бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл бакалаврға 78 мыңнан астам грант бөлінеді

08.06.2024

Биыл бакалаврға 78 мыңнан аса білім гранты бөлінеді. Түлектердің әсіресе инженерлік-техникалық бағыттарда тегін білім алуына мүмкіндік көп. Себебі, жалпы бөлінген білім гранттардың 60 пайызы осы бағытқа берілген. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Жалпы бөлінетін білім гранттарының ішінде бакалаврға 78 мың, магистратура 13 мың, докторантураға 2 мыңға жуық, педагогикалық бағытқа 13 мың грант қарастырылған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу