20 млрд теңгеден астам сомаға офтейк-келісімшарттар жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 млрд теңгеден астам сомаға офтейк-келісімшарттар жасалды

08.06.2024

«Astana Mining Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургия конгресінің алаңында ERG отандық жеті тауар өндірушімен 20 млрд теңгеден астам сомаға он офтейк-келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар, ERG жұмыс киімдері мен қауіпсіздік аяқ киімдерін өндіретін қазақстандық компаниялармен жалпы сомасы 2 млрд теңгеге офтейк-келісімшарттарға қол қойды. Бұрын жасалған шарттарды ескере отырып, ERG мен отандық өндірушілер арасында жасалған қолданыстағы келісімшарттардың жалпы сомасы 40 млрд теңгеден асты.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу