Маңғыстауда жол апатынан екі жасөспірім қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жол апатынан екі жасөспірім қайтыс болды

08.06.2024

Маңғыстауда оқушы тізгіндеген көлік жол апатына ұшырап, екі жасөспірім қаза тапты. Қайғылы оқиға Ақшұқыр ауылында болған. Бүгін таңғы сағат 6 шамасында 4 оқушы отырған Toyota Alphard автокөлігі бетон бағанаға соғылып, апатқа ұшырады. 9-сыныптың 2 оқушысы қайтыс болды. Тағы 1 оқушы ауруханаға жеткізілген. Енді бірі медициналық көмек қажет болмай, үйіне жіберілген.

Айта кететін жәйт, жол-көлік апатынан электр желісі үзіліп, 43 тұрғын үй жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу