Мәжіліс заңды қабылдады: Энергетик сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс заңды қабылдады: Энергетик сусындарды 21-ге толмағандар сатып ала алмайды

09.06.2024

Лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. Бұл заңды Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа жіберді.

Лотерея, құмар ойындармен энергетикалық сусындардың қандай қатысы бар?- дегенге Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев «Құмар ойындарға әуестенген азаматтар түні бойы сергек жүру үшін энергетикалық сусындарды көптеп алады» дейді.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне қарағанда, қазір кәмелетке толмаған 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде құмар ойын ойнаған. Бұл жасөспірімдер де энергетикалық сусындарды ішіп отырып, бәс тігулері мүмкін. Энергетикалық сусындар алкогольден де қауіпті болды. Қазір 10 жасар бала да энергетикалық сусынды оңай сатып алады. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. 



Хабарламаларға жазылу