Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында есірткі алып өтпек болған күдікті қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында есірткі алып өтпек болған күдікті қолға түсті

10.06.2024

Өзбек елімен арадағы шекара арқылы ірі көлемде есірткі алып өтпек болған күдікті қолға түсті. Кеденшілер 39 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде жүк салғыштан 47 келіге жуық гашиш тапқан. Күдіктіден жауап алу барысында оның сыбайластары анықталды.

Олар – Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары. Үшеуі есірткіні Ауғанстаннан әкелген болып шықты. Сондай-ақ, Самарқан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Жеті адамнан тұратын топ 11 жарым келі апиынды шекарадан өткізбек болған. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу