Мемлекет басшысы Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев алыстан келген қонаққа ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға деген шынайы ниеттің белгісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан мен Конго биыл дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтетініне тоқталып, ықпалдастықты нығайтуға дайын екенін айтты. Ал Франсуаза Жоли құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Президент Дени Сассу-Нгессоның ізгі тілегін жеткізді.