Қостанайда 9 жасар бала теракт жайлы жалған хабар таратқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 9 жасар бала теракт жайлы жалған хабар таратқан

10.06.2024

Қостанайда мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны жайлы хабарлаған бала елді дүрліктірді. Телефон арқылы осындай хабарлама түскен соң күштік құрылымдар мектеп аумағын қоршап, қызметкерлерді эвакуациялады. Ғимаратты түгел тексеріп шықты. Алайда ақпарат расталмады, жарылғыш табылмады.

Жедел-іздестіру кезінде жұртты әуре-сарсаңға салған 9 жасар оқушы екені анықталды. Ол көшеде ойнап жүріп, осылайша әзілдеп, қасындағы достарының көңілін көтермек болыпты. Енді орынсыз әзілдің соңы қомақты айыппұл арқалаумен аяқталуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу