Петропавлда құрылыс алаңында жарақат алған жігіт қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда құрылыс алаңында жарақат алған жігіт қайтыс болды

10.06.2024

Ол әріптестерімен жергілікті зауыттардың біріне су құбырын тарту үшін қазылған шұңқырды тазалап жүрген кезде үстіне топырақ үйіндісі құлаған. Жедел-жәрдем қызметі жарақат алған адамды ауруханаға жеткізді. Алайда ол операция үстелінде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, марқұмның ішкі органдары езіліп кеткен. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Марқұм азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген. Оған сәйкес барлық мәселелер Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес реттеледі, дейді мамандар.

Азат Көшербаев, Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл жерде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғанына байланысты, жазатайым оқиға бойынша тергеп-тексерілу жұмыстары жүргізілмейді. Бұл шарт бойынша тек қана сот арқылы шешілетін болады. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу