Атырау облысына Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысына Қытайдан гуманитарлық көмек жеткізілді

11.06.2024

Атырауға Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті. Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек және су сорғыш құралдар жөнелтілді. Орталық Азиядағы Ляньюнгань порты өкілдігінің директоры Чжао Вэй белгілі бір себептермен гуманитарлық көмектің кеш жеткенін айтты. Бірақ екі ел арасындағы алшақтық екі ел арасындағы байланысқа кедергі бола алмайды, - дейді ол. Бүгінде Ляньюньгандағы қытай-қазақ логистикалық базасы Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын арттыруда.

Тасқыннан кейін осы Атырауда жол жөндеу жұмыстары басталды. Биыл өңірде 350 шақырым жол жөнделеді. Қазір 12 учаскеде жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде шалғайдағы Құрманғазы, Қызылқоға аудандарына басымдық берілген. Биыл Индер-Қарабау-Миялы- Сағыз» күре жолының құрылысы аяқталуы тиіс.

Ержан Қайноллаев, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы басшысының орынбасары:

Көптеген облыстық маңызы бар жолдарды су шайып кету фактілері анықталып отыр. Ағымдағы жылы барлығын толықтай қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.


Хабарламаларға жазылу