Соңғы үш жарым жылда жол құрылысы саласында 64 жемқорлық-құқық бұзушылық анықталды. 70 адам ұсталып, 38 адам сотталған. Залал көлемі 8,8 миллиард теңге. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Көлік министлігінің бірлескен кеңесінде айтылды.
Ведомстволар енді саладағы жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен сыртқы талдау жүргізеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жол саласына бөлінген барлық қаражатты жоспарлау және жұмсау үдерістері зерделенбек. Жол құрылысының халықаралық тәжірибеге сәйкес келуіне де ерекше назар аударылатын болады.