«Таза Қазақстан» road-эстафетасы Қарағанды облысында жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» road-эстафетасы Қарағанды облысында жалғасын тапты

11.06.2024

«Таза Қазақстан» road-эстафетасы Қарағанды облысында жалғасын тапты. Осакаров ауданынан басталған тазалық жұмыстарына «AMANAT» партиясының мүшелері мен ерікті жастар қатысты. Өңірде жол бойынан 13 тонна қоқыс шығарылды.

Ал кешкісін Қарағанды қаласының орталық саябағында ән шырқалып, ерекше акция өтті. Тұрғындар босаған бөтелкелер мен жиналған қоқысты арнайы сыйлыққа алмастырды.

Бекзат Алтынбеков, «Amanat» партиясы қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

Қарағандыдан Шет ауданын, Шеттен Балқашқа дейін біздің Қарағандылық 250-ге тарта еріктілер акцияға қатысады деп отырмыз. Эстафетаның ең ұзыны яғни 700 шақырымы Қарағанды облысына байланысты. Біз Жамбыл облысына тапсырамыз.


Хабарламаларға жазылу