Ақтөбеде Мопед тізгіндеген 18 жастағы тұрғын жеңіл көлікке соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Мопед тізгіндеген 18 жастағы тұрғын жеңіл көлікке соғылды

11.06.2024

Ақтөбеде Мопед тізгіндеген 18 жастағы тұрғын жеңіл көлікке соғылды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қалада бір тәулікте осындай екі оқиға тіркелді. Жалпы, соңғы 2 айда облыс орталығында мопедтің қатысуымен 73 жол апаты тіркеліп, 30 адам жарақат алды. 532 тұрғын жауапкершілікке тартылды.

Дәурен Жаналы, Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

Жаяу жүргінші жолымен сүйемелдеп өткізу керек мопед және скутерлерді. Кешкі мезгілде жилет кию керек. Он бес жасқа жетпеген балалар бар араларында, жыл басынан бері сондай үш жол қозғалыс ережесі бойынша бұзылып, жол көлік оқиғасы орын алып отыр.


Хабарламаларға жазылу