Бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Құжат саланы дамытып, тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік бермек. Мәселен соңғы бес жылда елімізде 400-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды, медициналық жабдықтарды сатып алуға 260 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Десе де, инфрақұрылымның тозу деңгейі әлі де төмен, 50% шамасында. Ал медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейі 80 пайыздан асқанымен, техниканың тозуы салдарынан қызмет көрсету сапасы төмендеп отыр, - дейді Денсаулық сақтау министрі. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, тұжырымдама 2030 жылға дейін саладағы түйіткілдерді біртіндеп шешуге мүмкіндік бермек.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денсаулық сақтау саласын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195088/)