Құлсары қаласын абаттандыру үшін биыл 3 ауқымды жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсары қаласын абаттандыру үшін биыл 3 ауқымды жоба жүзеге асады

11.06.2024

Ал, тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласын абаттандыру үшін биыл 3 ауқымды жоба жүзеге асады. Бұл туралы төтенше жағдай жөніндегі өңірлік жедел штаб өкілдері хабарлады. Қазір құрылыс жұмысы басталды. Бекітілген жоспарға сай, аула ішілік жолдар жөнделеді. Жаңа автотұрақтар мен спорт алаңдары салынып, 11 ықшам ауданда соңғы үлгідегі ойын алаңдары тұрғызылады.

Қадіржан Әдинов, Құлсары қаласының әкімі:

Бұдан бөлек, қаламыздың 38 көшесінде жаяу жүргіншілер мен веложолдар құрылысы салынып жатыр. Жұмыстардың бәрі қарқынды, бекітілген жоспарға сай жүргізіліп келеді. Жалпы жұмысты аяқтау күз мезгіліне деп күтіліп отыр.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу