Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін

11.06.2024

Елдегі кейбір дәрі-дәрмек түрі 2 есе қымбаттауы мүмкін. 1 шілдеден бастап фармацевтикалық препараттарды таңбалау міндеттелсе, баға өседі, ейді тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының өкілі. Бұл мәселені бұған дейін Мәжіліс депутаттары да көтерген. 

Айя Мүтәлі, тілші:
Мына дене қызуын түсіретін таблетка қазір 100 теңге тұрады. Дәріхана иелері жаздың соңына дейін бұл препаратты кемі 300 теңгеге сатуға тура келеді дейді. Себебі, дәрі-дәрмекті таңбалау үшін жаңа қондырғы сатып алу мен әр тауарды базаға енгізіп отыру қосымша жұмысшы жалдау қажет ететінін айтады.
Ал интернеті жоқ ауыл-аймақтағы мекемелер тіпті жабылып қалуы мүмкін. Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы шетелден келген препараттар базаға енгізілгенше, шекарада айлап тұрып жарамсыз болып қала ма деп алаңдайды.

Талғат Омаров, Қазақстан Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы:
Шетелден көріп қойса, біздің кеткен тауарымыз шекарада 1 апта тұр. Маркировка жасап жатыр. Олар біледі, өнімді далада немесе сай келмейтін жерде таңбалауға болмайды. Ашуға болмайды. Өйткені, дәрі өз қасиетін жоғалтады. Сосын айтады, айналайын қазақтар біз сендермен жұмыс істемейміз деп. Сосын біз дәрісіз қаламыз.
Бұған дейін аяқ-киім пен темекі өнімдері таңбаланды. Бірақ, арнайы қосымшада әлі күнге дейін тауардың қайда шыққаны, қайда жеткізілгені, кім сатқаны толық көрсетілмейді, - дейді Талғат Омаров. Сондықтан цифрлық кодтың не үшін қажет екенін де түсінбей отыр.
Ажар Сағандықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Таңбалаудың нарыққа заңсыз препараттардың өтіп кетпеуі үшін жасалып жатқанын білеміз. Дегенмен, бұл шағын және орта бизнеске ауыр соққы. Әрі тауарды таңбалау әлі жүйеленбеген. Сондықтан оның мерзімін кейінге шегеруді талап етеміз.
Арнайы қосымшаны әзірлеген «Қазақтелеком» өкілдері бұл қосымша жұмысты қажет етпейді деп отыр. Бұрын тауардың штрих коды сканерден өткізсе, енді оның орнына кьюар кодты енгізсе болғаны. Ал оны қораптың бетіне таңбалайтын отандық өндірушілер. Шетелдік импорттаушыларға да дәл осындай талап қойылады. Ол үшін дәріхана иелері ақы төлемейді. Ал базаға әр дәріні емес, бір қорапты түгел енгізеді.

Анар Кәрібаева, Бірыңғай оператордың дәрілік заттар бойынша жоба жетекшісі: 
Аяқ-киім мен темекі өнімдерін таңбалау кезінде кейбір тауардың қалай, қайда, кімге сатылғаны толық көрсетілмеген жағдайлар болды. Бұл жерде тауар жеткізушілер мен сатушылар заңды айналып өтпек болған. Әзірге бұл үшін жауапкершілік жоқ. Ал дәрі-дәрмекті таңбаламағандар айыппұл төлеуі мүмкін. Әзірге бұл талқыланып жатыр.
Жалпы бұдан дәрі-дәрмектің қымбаттауына негіз жоқ, - дейді Денсаулық сақтау министрі. Баға өссе, 4 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Маркировканың келіп жатқан дәрі-дәрмектерге Қазақстанға немесе тізімдерінің азаюына, басқасына айтарлықтай кері әсерін тигізбейді деп білемін.
Айя Мүтәлі, тілші:
Жалпы таңбалау елдегі сертификаты жоқ преператтарды нарыққа кіргізбес үшін қажет. Себебі, дәрі-дәрмек қорындағы тауардың 12 пайызы жалған. Соның кесірінен бюджетке жыл сайын салық 32 млрд теңгедей аз түседі.
Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу