Қазақстанға Корея Республикасының Президенті мемлекеттік сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Корея Республикасының Президенті мемлекеттік сапармен келді

11.06.2024

Қазақстанға мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёль келді. Мәртебелі мейманды әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов салтанатпен қарсы алды. Мемлекеттік сапар аясында бірнеше маңызды шара жоспарланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі ел арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени байланыстың болашағын талқыласа, бизнес өкілдерімен жаңа жобалардың жоспарын құрмақ. Жалпы Корей елі Қазақстан экономикасына қомақты қаржы құятын ірі инвесторлардың бірі. Тауар айналымы да соңғы жылдары еселеп артқан. Бұл сапар мәдени байланысқа да серпін береді деген жоспар бар.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу