Атырау облысы Жылыой ауданында көшелердегі «Сергек» камерасы қайта іске қосылды. Бұл туралы аймақтағы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. Елдімекенде 800-ге жуық бейнекамера бар. Олар табиғи апат кезінде жедел штабтың шешімімен, автоматты түрде өшірілген болатын. Бейнебақылау камералары жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысы Жылыой ауданында «Сергек» камерасы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195111/)