Қытайда аптап ыстық: Қауіптің сарғылт түсі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда аптап ыстық: Қауіптің сарғылт түсі жарияланды

12.06.2024

Қытай астанасы Бейжіңде үш күннен бері ауаның температурасы 40 градустан төмендемей тұр. Аптап ыстық ертең де жалғасуы мүмкін. Сондықтан қаланың метеорологиялық қызметі қауіптің сарғылт түсін жариялады. Оған сәйкес, тұрғындар далада өткізетін уақытты мейлінше қысқартуға тиіс.

Жергілікті синоптиктер, Бейжіңнің кейбір аудандарында күн күркіреп, дауыл соғуы мүмкін екенін болжады. Осыған байланысты үкімет халықты алдын ала сақтануға шақырып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу