Чилидің оңтүстігінде 400 үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің оңтүстігінде 400 үйді су басты

12.06.2024

Чилиде төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Елдің оңтүстігіндегі Арауко қалашығындағы халықты эвакуациялау үшін полицейлер мен құтқарушылар жөнелтілді. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге мәлімет жоқ. Дегенмен, жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 400-дей үйді су басқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу