Сауд Арабиясында қажылық қарсаңында мұсылмандар қағбаның айналасына жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясында қажылық қарсаңында мұсылмандар қағбаның айналасына жиналды

12.06.2024

Сауд Арабиясында сан мың мұсылман Үлкен мешіт жанындағы Қасиетті Қағбаның айналасына жиналды. Биыл қажылық маусымның 14-де басталып, 19-да аяқталады. «Әл-Арабия» телеарнасы хабарлағандай, осы жолғы қажылық кезінде Меккеде ауаның орташа температурасы 44 градус болады. Ал Саудия денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстықты бес парыздың бірін өтеушілер үшін ең үлкен қауіп деп атап, дәрігерлер мен медициналық мекемелердің қажылыққа толық дайын екенін мәлімдеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу