Қазақстанда жаңа екінші деңгейлі банк ашылуы мүмкін. Оңтүстік кореялық жетекші қаржы ұйымы BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды банкке айналдыруға ниетті. Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев компания директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесіп ұсыныстарын қолдайтынын айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы оларды болашақта, корпоративтік несие беруге күш салуға шақырды. Бұл жоба екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етпек.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жаңа екінші деңгейлі банк ашылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195141/)