Атыраудағы шаруалар субсидиядан қағылғалы тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы шаруалар субсидиядан қағылғалы тұр

13.06.2024

Атыраудағы шаруалар субсидиядан қағылғалы отыр. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңадан қабылдап жатқан ержесі себеп. Жалпы аймақта 3200 қожалық болса, оның тек 1-еуі ғана сүт-тауарлы шаруашылығына жатады. Ал қалғанының барлығы етті-тауарлы бағытта жұмыс істейді. Құжатта Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сүт-тауарлы бағыттағы қожалықтарға субсидия берілсін деген ұйғарым бар. Егер бұл өзгеріссіз қалып, құжат мақұлданса шалғайдағы шаруалардың жайы қиындайды. Шөлейтті аймақта күнелтіп отырған қожалықтар ірі сабақты мал азығына берілетін субсидиядан айырылып қалмақ.

Жангелді Рахметқалиев, шаруа қожалығының иесі:

Біздерді Солтүстік Қазақстан, Қостанай, көршілес Батыс, Ақтөбе облыстарымен салыстыруға келмейді. Олардың жеріне егіс шығады. Бағып отырған малымызды қыстан аман-есен шығару үшін шөптің құнарлығы, азықтық өлшемі жетіспегеннен кейін біз көрші облыстардан құнарлы мал азығын алуға мәжбүрміз.

Мұрат Сарманов, Қазақстан фермерлер қауымдастығы АОФ төрағасы:

Қағидаға енгізілетін талапта сүтті-тауарлы деген сөзді алып тастаса, асыл тұқымды мал өнімдеріне деген бір сөз қосылса болды. Сонымен бәрі жүре береді. Бұл қалғаны жергілікті жерде қаржыландыратын мәселе. Сонымен шешіледі де қояды.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланды, әр өңірдің жағдайын сараланып, ортақ шешім шығарылды дейді.

Бағлан Аймырзаев, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары:

Тек қана ТЖ орын алған кезде деп отырмыз немесе аномальды қолайсыз ауа райы болған кезде субсидия беріледі. Етті бағыттағылар олар далаға жайылатын болғаннан кейін субсидия беріледі деп отырған жоқпыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу