Аттестатты «Еgov Mobile» қосымшасынан көруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аттестатты «Еgov Mobile» қосымшасынан көруге болады

13.06.2024
Аттестатты «Еgov Mobile» қосымшасынан көруге болады

Биылдан бастап мектеп түлектеріне аттестат цифрлық нұсқада беріліп жатыр. Ол «Egov Mobile» қосымшасында қолжетімді. Ол үшін алдымен мобильді қосымшаға кіріп, «Bilim» сервисін таңдайсыз. Әрі қарай «Менің балаларым» деген бөлімге өтіп, 9 яки 11-сыныпты аяқтаған балаңызды таңдап аттестатын көре аласыз. Орта және жалпы орта білім туралы құжат ата-аналар мен заңды өкілдері үшін қолжетімді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу