«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 6 елдің командасы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына 6 елдің командасы қатысады

13.06.2024

Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны биыл 16-22 маусым аралығында өтеді. Оныншы рет ұйымдастырылып отырған шара Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған. Оған Қазақстаннан бөлек, алыс-жақын 5 елден 50 команда қатыспақ. 14-17 жас аралығындағы 750 қатысушы келеді. Сондай-ақ, оқу-жаттығу жиыны тарихта алғаш рет Алматыдағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында өтеді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу