Атырауда тісін жұтып қойған баланың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда тісін жұтып қойған баланың жағдайы ауыр

13.06.2024

Атырауда тісін жұтып қойған 5 жасар баланың жүрегі үш рет тоқтап қалды. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 103-ке кешкісін баланың тұншығып жатқаны туралы шақырту түскен. Дәрігерлер жедел жетіп, ес-түссіз жатқан жеткіншекке арнайы аппаратпен кең ауқымды жүрек-өкпе реанимациясын жүргізгеннен кейін тіршілік белгілері пайда болған. Алайда, қайтадан клиникалық өлім белгілері байқалып, жедел жәрдем көлігінде баланың жүрегі бірнеше рет тоқтаған.

Ержан Есболаев, облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:

Жүрек тоқтауы. Бірден балаға шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясы жасалды. Бүгінгі күні реанимация бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр. Жағдайы тұрақсыз. Шектен тыс ауырып қалуда. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу