Футболдан XVII Еуропа Чемпионаты ертең басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан XVII Еуропа Чемпионаты ертең басталады

13.06.2024

Ертең Германияда өтетін футбол мерекесі басталады. Аладоп аламанын ұлттық арна мен «Qazsport» тікелей эфирде көрсетуге дайын. Қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның үздік құрамаларының ойынымен қоса, әр матч қарсаңында футбол сарапшыларының сұхбаттарын тамашалай алады.

Танымал тұлғалар мен жұлдызды қонақтар қатысатын бағдарлама «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Әр матчтың алдында жарты сағат бұрын көрермен назарына ұсынылады. Чемпионат аясындағы қызықты деректер ортаға салынып, құрамаларға қатысты болжамдар айтылады. Әлем чемпионатымен терезесі теңдей бәсеке бас-аяғы бір айға созылады. Шілденің 14-не дейін футболдан Еуропа чемпионатының ойындарында 16 комментатор қызмет етеді.

Уәлихан Қосанбай, EURO 2024 комментаторы:

Комментаторлардың басты мақсаты - ойындарға тыңғылықты дайындалып, өзі жүргізетін құрамалардың әрбір мықты тұсын, кем тұсын анықтау. Бұл үлкен футбол мерекесі, шарасы деп айтсам, еш қателеспейтін шығармыз. Біз де өз тарапымыздан енді комментатор ретінде, жүргізуші ретінде барынша дайындалып келеміз. Жанкүйерлер де бізді қолдап, өздерінің сүйікті командаларына қолдау білдіріп отырсын.

Футболдан Еуропа біріншілігінің ашылу салтанаты ертең «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі. Басталу уақыты - 23:40-та. Ал чемпионат аясындағы алғашқы матч  Германия мен Шотландия арасындағы кездесуді ертең түнгі 00:00-де Ұлттық арна және Qazsport- тан тамашалай аласыз.

Қарагөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу