Аягөздегі әскери бөлімшеде сарбаз жарақат алып, көз жұмды. Қорғаныс министрлігі өкілдері, әскери қызметшінің өліміне оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп деп отыр. Қазір аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалған.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Кінәлі және лауазымды тұлғалар қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Оларға барлық көмек көрсетілетін болады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аягөздегі сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195219/)