Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған блогерлер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған блогерлер ұсталды

14.06.2024

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан екі блогер ұсталды. Күдіктілер Сайрам ауданындағы мектеп директорынан әлеуметтік желідегі іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жазбаны жою үшін 100 мың теңге талап еткен. Олар ақшаны алып жатқан кезде қолға түсті. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған екеу ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы көрсетіп, ақша бопсалаған. Екеуі де қамауға алынып, тергеу басталды.

Айнұр Әбілқасым


Хабарламаларға жазылу