Бүгіннен бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды

14.06.2024

Бүгіннен бастап Астана әуежайының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы хабарлады. Жазда жолаушылар сұранысының жоғары болуына байланысты әуе тасымалының уақытын 00:30–ға дейін созды. Енді, әуе компанияларының ішкі рейс кестесі қайта қаралып, кейбір бағыттарға қосымша рейстер ашылмақ. Осыған байланысты жолаушылар компаниялардың ресми сайты арқылы билеттердің бар-жоғын анықтай алады. Ал әуежайдағы магистральді жолақтағы жөндеу жұмыстары жалғаса береді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу