Өскеменде туристік ақпарат орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде туристік ақпарат орталығы ашылды

14.06.2024

Өскеменде туристік ақпараттық орталық ашылды. Бұл орталықта туристер мен тұрғындарға өңірдің табиғаты мен тарихи жерлері туралы толық ақпарат беріледі. Қай ауданда қандай демалыс орындары бар, онда көрсетілетін қызметтің түрлері жайлы мағұлматтар топтастырылған. Сондай-ақ, өңірдегі туристік орталықтар мен саяхат орындары туралы ақпарат парақтары әуежайда және вокзалдарда да орналастырылмақ.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу