Түркияда оқитын қазақстандық студенттер алдыңғы қатарлы ауруханаларда тәжірибе жинақтай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда оқитын қазақстандық студенттер алдыңғы қатарлы ауруханаларда тәжірибе жинақтай алады

14.06.2024

Түркияның медициналық университеттерінде оқитын қазақстандық студенттер алдыңғы қатарлы ауруханаларда тәжірибе жинақтай алады. Стамбұл ауруханаларында жұмыс істейтін қазақстандық дәрігерлер осында оқитын студенттерді қамқорлыққа алып, өз тәжірибелерімен бөлісіп тұратын болды. Жаңа жобаны Cтамбұлдағы Бас консулдық пен «Бірлік» қазақ студенттері бірлестігі қолға алды. Дәрігер мамандығына оқитын шәкірттер, заманауи медицинадағы толғандырған мәселелерді енді білікті дәрігерлерден тікелей сұрай алады. Бұдан бөлек олар жиі басқосып, жыл өткен сайын өзгеріп жатқан емдеу тәсілдерін де талқылап отырмақ.

Ділназ Нұрмағамбетова, «Бірлік» қазақ студенттері бірлестігінің көшбасшысы:

Осы жақта бізге белгілі Медикал паркта қателеспесем 14 қазақ дәрігер жұмыс істейді екен. Солардың әрқайсысына бір-бір қазақ студент бекітіп берген болатынбыз. Не үшін десек, себебі бұл жақта қазақ студенттеріміз өздеріне керемет пайда алады. тәжірибе алады деп ойлаймыз, Қазақстанға өз еліне оралып керемет мамандық иелері болады деген оймен осы жобаны бастағалы отырмыз.

Дастан Темірбеков, дәрігер:

Қаншалықты пайдалы болды оны уақыт көрсетеді. Меніңше пайдалы болған шығар деп ойлаймын. Осының нәтижесінде студенттер көбірек нәтижеге жетіп, бізбен үнемі байланыста болып. келешекте жетістікке жетіп жатса. пайдалы болғанын түсінетін боламыз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу