Петропавлда тұрғындар тазалық акциясында белсенділік танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда тұрғындар тазалық акциясында белсенділік танытты

14.06.2024

Петропавлда «Amanat» партиясының өкілдері «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қызылжар су» мекемесінің аумағын қоқыстан тазартты. Бұл аймақты су басқан болатын. Акцияға қатысушылар тасқынмен бірге келген 2 тонна қоқысты жинады. 

Сәлімхан Сәбитов, қалалық мәслихат депутаты:

Акцияға қазіргі күнде жастардың көбі де қатысып жатыр. Бұл өте қуанышты сәт. Себебі олардың қазір санасында еліміздің болашағы, ертеңгі болашағымызға таза ел, таза Қазақстанды қалдыру үшін осындай акцияларды ұйымдастырып отырмыз.

Ал Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында «Amanat» партиясының мүшелері, мемлекеттік қызметшілер мен қарапайым ауыл тұрғындары елдімекенге кіретін жолдың жиегін күл-қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, орман арасындағы заңсыз қоқыс алаңы да назардан тыс қалмады. Шараға 200-ден астам адам қатысты. Барлығы 200 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл белсенділерінің айтуынша, тазалық акциясы жыл бойы жалғасады. 

Әнуар Есқара, «Amanat» партиясының Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

Ұзақ мерзімді акция болғандықтан бәріміз үлес қосып, аудан орталығын, айналасын ғана тазалап қоймай, жалпы көшелер бар, ішкі келбетін қалпықа келтіру бойынша да осындай жұмыстар жалғасын тауып отырады. Атқарылған жұмыстардың барлығы жыл бойы «Таза бейсенбі» деген акцияның айналасында жұмылдырылады.

Эльмира Кәленова

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу