Елорда жолдарында кептеліс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда жолдарында кептеліс

14.06.2024

Елорда көшелерінде таңда басталған ұзын-сонар кептеліс әлі жалғасып жатыр. 2Gis пен «Яндекс» картографиялық сервистерінің мәліметінше,7 баллдық кептеліс байқалады. Басым бөлігі қаланың сол жақ бөлігінде. Дәл қазір Қабанбай батыр мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысы толығымен жабылған. Жол жөндеу жұмыстары бүгін кешке аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдарында, Түркістан, Ақмешіт көшелерінде көлік қозғалысы қиындаған. Кейібір көшелердегі бағдаршамдарды уақытша өшіріп қойған. Полиция қызметкерлері қиылыстардағы жол қозғалысын реттеп тұр.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу