Қазақ - Өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінде кептеліс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ - Өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінде кептеліс

14.06.2024

Кеденде де кептеліс. Қазақ - Өзбек шекарасындағы кеден бекеттерінен көлікпен де жаяу өту де қазір мұң болып тұр. Әсіресе Жібек жолы бекетінен Өзбекстанға өтіп жатқандардың қарасы қалың. Мамандар мұны жазғы демалыс маусымының ашылуымен түсіндіреді. Көрші елге саяхаттаушылардың саны артқан. Сондай-ақ құрбан айттың қарсаңында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары жаппай елдеріне қайтуда. Кеден бекетінен тәулігіне 17 мың адам өтетін болса, қазір бұл көрсеткіш екі есе артқан. Оның үстіне қазір «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» пен «Қапланбек» шекаралық өткелдерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Серік Мәліков, облыстық МКД басқарма басшысы:

Яғни күнделікті екі жақтама қосқан кезде жеңіл автокөлік құралдарымен 900-ге жуық автокөлік кіріп шығады. Оған қоса тәулігіне 34-35 мың адам жеке тұлғалар кіріп шығып жатыр. Өзбекстан Республикасындағы әріптестермен сөйлесу жүргізіліп жатыр. Осы жеңіл көліктердің кептелісін реттеу мақсатында әңгімелесулер жүргізілді.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу