Америкалық PepsiСo компаниясымен келісім орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық PepsiСo компаниясымен келісім орнады

14.06.2024

Америкалық PepsiСo компаниясы Алматы облысында жаңа зауытқа 160 млн доллар жеке инвестиция салады. Премьер-Министр Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі PepsiСo азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының Президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Негізгі мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «PepsiCo» Президенті Рамон Лагуарта арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру. Зауытты 2026 жылы іске қосу көзделген. Қуаттылығы жылына 16 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруға жеткілікті. Зауыт құрылысына мыңға жуық адам тартылады. Кейін зауытта 350-ге жуық білікті маманға жаңа жұмыс орны ашылады.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу